«Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы

11 қазан елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы — тек тазалық жұмысы емес, ел болашағына бағытталған үлкен экологиялық мәдениет мектебі.
Бұл игі іс-шараға ұжым қызметкерлері, өз аумақтарын, көше мен саябақ маңын тазартуға атсалысты. Сенбілік барысында қоқыс жиналып, қураған ағаштар алынып абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ауа райының суықтығына тонған ұжымға жылулық сыйлап ыстық шай ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы сенбілікке жоғары белсенділік танытып, барлығы бір кісідей атсалысты. Осындай іс-шаралар арқылы туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті іспен дәлелдеп, ел болашағына үлес қосып келеді.
Бірліктің, еңбектің және табиғатқа деген құрметтің белгісі болған бұл сенбілік — әр азаматтың экологиялық жауапкершілігін арттырудың жарқын үлгісі болды.