Мақсаты:
▪️Ата-аналарға мереке және демалыс күндері балалардың күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын жан-жақты түсіндіру; баланың денсаулығын нығайту, эмоционалдық көңіл-күйін тұрақтандыру, тәртіп пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруда режимнің ерекше рөл атқаратынын көрсету. Сонымен қатар ата-аналарға үй жағдайында баланың ұйқы режимін, дұрыс тамақтануын, таза ауадағы серуенін, белсенді демалысын және экран уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты педагогикалық-психологиялық кеңестер беру.
Міндеттері:
▪️Баланың күн тәртібін сақтаудың денсаулыққа пайдасын түсіндіру;
▪️Демалыс уақытында баланың белсенді және пайдалы іс-әрекетпен айналысуына бағыт беру;
Ұйқы мен тамақтану тәртібінің бұзылуының алдын алу;
▪️Отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету;
▪️Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
Ата-аналарға кеңес:
▪️Баланың ұйқыға жату және ояну уақытын мүмкіндігінше бірқалыпты сақтау;
▪️Күнделікті таза ауада серуендеуді ұйымдастыру;
▪️Телефон, планшет, теледидар қарау уақытын шектеу;
▪️Отбасылық ойындар, кітап оқу, шығармашылық жұмыстарға уақыт бөлу;
▪️Дұрыс әрі уақытылы тамақтану тәртібін қадағалау;
▪️Баламен көбірек қарым-қатынас жасап, жағымды эмоциялық орта қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
▪️Ата-аналар мереке және демалыс кезеңінде баланың күн тәртібін сақтаудың маңызын түсінеді, үй жағдайында тиімді әрі пайдалы демалыс ұйымдастыру жолдарын меңгереді және баланың денсаулығы мен психологиялық жай-күйіне жауапкершілікпен қарайды.
Кеңес беруші: Әдіскер Елюбаева А. Н
Өткізілген уақыты: 01.04.2026 ж
Жаңалықтар





