Мектебімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалу барысы бойынша есептік жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері, оларды ұсыну тәртібі және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды.
2025 жылы мектепте келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
- Бірінші сыныпқа құжат қабылдау;
- Басқа білім беру ұйымдарынан оқушыларды қабылдау және ауыстыру;
- Оқудан шығару туралы құжаттарды рәсімдеу;
- Оқушыларға анықтамалар беру;
- Білім алушылардың құжаттарын рәсімдеуге байланысты өзге де мемлекеттік қызметтер.
Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес көрсетілді. Қызмет алушылар тарапынан түскен өтініштер мен шағымдар қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жиналыс соңында мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру туралы шешім қабылданды.





