«Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Ардагер ұстаз-ұлт қазынасы

Адал азамат біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес “Даналық ұстаздан” челленджі аясында мектебімізде 2025 жылдың 24 қыркүйегінде ардагер ұстаздарды дәріптеп, құрметтеу мақсатында «Кәсіптік бағдар» беруші педагог М.Б. Нуртаеваның ұйымдастыруымен «Ардагер ұстаз-ұлт қазынасы» тақырыбында 9 сыныптың қатысуымен ардагер ұстаздармен дөңгелек үстел өтті.
Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбек жолымен таныстыра отырып, мамандықты дұрыс таңдау.