25 қыркүйек мектебімізде директор жанында отырыс болды. Күн тәртібінде: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауы туралы мектеп директоры Бекенова Ж.Б. баяндады. Жолдауда білім сапасын арттыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселесіне ерекше назар аударылғанын айтты. Бұл — мектеп оқушыларының заманауи білімге қол жеткізуін қамтамасыз ететін қадам. Әсіресе ауыл мектептерін жаңа технологиялармен жабдықтау туралы бастама біз үшін аса маңызды. Екінші сөзді директордың тәрбие орынбасары Калабаева А.Е. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы құндылықтары мен жобалары толық ақпарат берді. Кейін жүйелік әкімші Исмагзумова Ж. Е BilimClass жүйесінің өзгерістерімен таныстырды.





