Коммунальное государственное учреждение «Благовещенская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

«Жасыл апта» республикалық челленджі

«Таза қазақстан » бағдарламасы аясында «Жер Амбассадоры» қағидасын негізге ала отырып, мектебімізде «Жасыл апта» республикалық челленджіне ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл игі бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жанашырлық сезімін арттыруға бағытталды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар және техникалық қызметкерлер белсенді қатысты. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді.