Коммунальное государственное учреждение «Благовещенская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

Қазанның 15-і күні 11 сынып оқушыларымен бірге ата-аналар жиналысы өтті

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Еңбегі адал жас өрен" жобасының аясында Қазанның 15-і күні 11 сынып оқушыларымен бірге ата-аналар жиналысын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.М. Сагдеева мен кәсіптік бағдар беруші М.Б. Нуртаева өткізді. Жиналыстың басты мақсаты оқушылар мен ата-аналарды алдарында тұрған сынақ ҰБТ, мемлекеттік емтихан ережелерімен таныстыру және кәсіптік бағдар беру аясында ата-аналар мен балаларға мамандық таңдау бойынша ақпарат пен жадынама таратып түсіндіру.