Адал азамат біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес “Даналық ұстаздан” челленджі аясында мектебімізде 2025 жылдың 24 қыркүйегінде ардагер ұстаздарды дәріптеп, құрметтеу мақсатында «Кәсіптік бағдар» беруші педагог М.Б. Нуртаеваның ұйымдастыруымен «Ардагер ұстаз-ұлт қазынасы» тақырыбында 9 сыныптың қатысуымен ардагер ұстаздармен дөңгелек үстел өтті.
Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбек жолымен таныстыра отырып, мамандықты дұрыс таңдау.





