Коммунальное государственное учреждение «Благовещенская общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

23 қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті.

23 қазан күні мектебімізде Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті. Бұл күн – еліміздің егемендігін айқындайтын, тәуелсіздігіміздің негізі қаланған ерекше тарихи мереке.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел тарихына, тәуелсіздік құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Мерекелік концерт мемлекеттік Әнұранмен ашылып, сөз кезегі мектеп басшылығына берілді. Директор өз сөзінде Республика күнінің маңызын атап өтіп, ел бірлігі мен ынтымағының сақталуы – әр азаматтың парызы екенін айтты. Сонымен қатар “Аманат” партиясының атынан мерекеге орай мектебіміздің белсенді ұстаздарын марапаттады.
Концерт барысында оқушылар патриоттық рухтағы әндер шырқап, би қойылымдарын ұсынды. Отан -анам, «Ананың тілі», «Татулықта күшіміз» сияқты әуезді әндер көрермен көңілінен шықты. Сондай-ақ, оқушылардың орындауындағы мәнерлеп оқу мен домбырамен халық күйі мерекелік көңіл күй сыйлады.
Республика күні – елдің рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын ұлық мереке!