"Бала қауіпсіздігі басты назарда"
Мектебімізде Жамбыл ауданың ПБ КПБ мен бірге "Бала қауіпсіздігі басты назарда" тақырыбында біріккен іс- шара жұмысы жасалды. Іс-шара барысында Жамбыл ауданың ПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Гизат Сабигатулы Қошанов қауіпсіздіктің алдын алу бойынша баяндама оқыды. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу, алкоголь, тағы басқа зиянды заттарға жоламау туралы кеңестер берді. Интернет алаяқтары байынша да біршама ақпараттар берілді.