"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес"

Бүгінгі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Балаларға қауіпті жұмыстарды бөлек қарастыруға болмайды. Ересектерге қарағанда, балаларды басқару оңай, олардың икемдігі мен дағдылары аз болса да, өз құқықтарын жете түсінбейді, әуре-сарсаңға салмайды және тез бейімделгіш келеді. Қазақстан Республикасының заңдарында бала еңбегіне шектеулер қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жазалау қарастырылған. Қазіргі таңда миллиондаған балалар жұмыс істеп жүр, бұл олардың дамуына және білім алуына, болашақтарына кедергі жасайды, олардың көбі бала еңбегінің ең нашар формасына тартылуда. Бұл балалардың өмірлеріне, денсаулықтарына зиян келтіреді және психологиялық әсерін тигізеді. Осыған байланысты жыл сайын Республикамызда маусым айының 1 - 12 аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде. Аталмыш 12 күндік біздің мектебімізде де жалғасын тапты. Көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді. Аталмыш шаралар әрбір сыныптар арасында жеке-жеке өткізілді.
Соның ішінде «Біздің отбасылық дәстүріміз». Бұл тақырып бойынша балалар мен ата – аналар қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттап, өз ойларымен бөлісті. Атадан қалған дәстүрлерімізді дәріптеп өскелең ұрпаққа үйретуіміз қажет
Және де балалар еңбегін пайдалану бойынша жасөспірімдер мен ересектерге арналған заң кеңестері беріледі.
Осы шаралар аясында жүрілген сайыстарға қатысқан әрбір оқушы өзінің бойындағы талантын көрсете алды, әр іске белсене қатысты. Оқушылар ел ертеңі өздері екенін сезіне алды. Әйгілі шығыс ғұламасы Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұнның «Әрбір бала – жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!» деген қанатты сөзін ұстанған мектебіміз әр бала бойындағы бұғып жатқан талантты байқау, оны дамыту, оқыта арқылы тәрбиелеу жолында барын салуда. Әр кез сәбилер жыламасын, аспанымыз ашық болсын деп тілейік!
"