Туған жердің тарландары -ел мақтанышы !
Туған жердің тарландары -ел мақтанышы !
Тұңғыш Елбасымыз 2017 жылы Рухани жаңғыру:Болашаққа бағдар бағдарламасында басты міндеттерімізді 2 бөлімге бөліп атап көрсетті.
Соның ішінде ІІ бөлімі ол Таяу жылдардағы міндеттер. Сана жаңғырудың негізгі қағи¬да¬ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осы міндеттердің ішінде алтыншы міндеттімізге баса назар аударатын болсақ ол: Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс¬тік-терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн делінге. Осы негізде, оқушыларымызға кәсіптік бағдар беру мақсатында, спорт әлемінде жүрген жерлес азаматтарымыз, қоғамда өзіндік орындары бар, туған жеріміздің тарландары, бүгінгі таңда ел мақтанышына айналған беделді спортшыларды мектебімізге қонаққа шақырдық. Олар:
Жакиянов Жанат Ескендірұлы -Благовещенка ауылының тумасы, боксшы, әлем чемпионы. Облыстық Олимпиададағы резервтегі мамандандырылған бокс мектебінің директоры.
Булатов Асылхан Шәкірұлы - Жамбыл ауданы Благовещенка ауылының тумасы, 2005 жылғы Благовещенка жалпы орта білім беру мектебінің түлегі, Республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. Қазақ күресінен ҚР Ұлттық дәрежедегі төреші.
Еслямов Даурен Кайырбайұлы - Жамбыл ауданы Баянауыл ауылында дүниеге келген, Республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. Қазақстан Барысы Республикалық турниринін қатысушысы.
"Туған жердің тарландары -ел мақтанышы" тақырыбында өткен біріңғай сынып сағаты төрт кезеңнен тұрды.1. Суреттер сөйлейді, 2. Сұрақ-жауап,(ашық микрофон)
3. Музыкалық ән шашу. 4. Кері байланыс.
Келген қонақтарымызбен тәрбиесі мол, жігерлендіретін, патриоттық сезім ұялататын жақсы кездесу болды. Оқушыларымыз өздеріне ағаларының айтқан ақыл кеңестерін жадында сақтайтындарын, өздерімен мақтанатындарын айтып алғыстарын білдірді. Келген қонақтардан қолтаңба алып, суретке түсіп мектеп оқушылары мен ұстаздары бір қуанып қалды. Болашақта осындай игі істер жалғасын тауып, ел мақтаныштары еленіп отырса, нұр үстіне нұр болады.